Атырау облысының прокуратурасы Ұлттық банк филиалы қызметкерлері арасынан жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықты анықтады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Атырау облысының прокуратурасы Ұлттық банк филиалы қызметкерлері арасынан жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

«Атырау облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде «Қазақстанның Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің Атырау филиалындағы бірқатар мемлекеттік қызметкерлер арасынан жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық фактілері анықталды», - делінген баспасөз орталығының таратқан ақпаратында.

Прокуратура атап өткендей, бөлім қызметкері, яғни мемлекеттік қызметкер болып табылатын М.Суханбердиева 2009 жылғы кіріс туралы декларацияда Жұмыскер-2 кентінде орналасқан жер телімін көрсетпеген. Атырау облысы әділет департаментінің хатына сәйкес, көрсетілген жылжымайтын мүлік М.Суханбердиева атына тіркелген болып шықты. «Тексеру қорытындылары бойынша әкімшілік өндіріс ісі қозғалып, сот қарауына жіберілді», - делінген ақпаратта.