«Маңғыстау облысында күн райының қолайсыздығына байланысты «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тасжолының Атырау облысының шекарасынан Бейнеу ауылына дейінгі аралығында қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді» делінген хабарламада.
17:23, 07 Ақпан 2023
Атырау облысының шекарасынан Бейнеуге дейінгі жолда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында күн райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысының шекарасынан Бейнеу ауылына дейінгі аралықта қоғамдық автокөліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды QazAvtoJol Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.