Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 11 842 адам істі болған.
«Былтыр соттарда 696 (54%) әкімшілік істі қарау кезінде медиация тәртібі қолданылды. «Түнгі сотта» 896 іс қаралды. Ал, 1 406 адамға қатысты 1 112 қылмыстық іс қаралып, 1 077 тұлғаға қатысты 877 іс үкім шығарумен аяқталды. Сот үкімімен 21 адам ақталып, 1 056 адам сотталды. Оның ішінде 400 адам бас бостандығынан айырылды», -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 11 182 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 6 187 іс бойынша шешім шығарылған. Татуластыру тәртібімен 1 770 іс аяқталған.
Еске сала кетелі, бұдан бұрын Атырауда облыс әкімі орынбасарының жемқорлық ісі сотта қаралып жатқанын жазған болатынбыз.