Атырау облысының тұрғыны 4 айлық баласын пышақтап өлтірді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы ауылдардың бірінің тұрғыны өзінің 4 айлық баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы жағдай Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында болды. Онда 41 жастағы әйел өзінің 4 айлық баласын өлтірді. Нәресте анасы бірнеше рет пышақ сұққан соң жантәсілім еткен. Аталған оқиға бойынша, 99 бап, 2 тармақ, 3 тармақша бойынша (Өздігінен әрекет ете алмайтын адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр»,-деді Атырау облыстық полиция департаментіндегілер.

Адам өліміне күдікті ұсталды.



Виктор Сутягин