Атырау полицейлері күшейтілген қызметке ауыстырылды
18:37, 24 Маусым 2010
АТЫРАУ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облыстық ІІД-нің барлық жеке құрамы күшейтілген мерзімде жұмыс атқаруға көшірілді. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады.
«Бұл шара Маңғыстау облысынан келген жедел ақпараттан кейін қолға алынды. Ол жақтан келген ақпаратта Ақтау колониясынан қашып кеткен қылмыскерлердің төртеуі осы облыстың тұрғындары екендігі, сондықтан олардың туған жерлеріне келуі мүмкін деген жорамал айтылыпты», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.
Барлық жеке құрам қашқындарды іздеу жөнінде тапсырма алды. Олардың суреттері облыстың электрондық БАҚ-тарында жарияланды. Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасында орналасқан мұнай кәсіпорындарында да сақтық шаралары қолға алынды.