Атырау прокуратурасы кірістер басқармасындағы сыбайлас жемқорлық схемасын анықтады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау прокуратурасы кірістер басқармасындағы сыбайлас жемқорлық схемасын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық прокуратурасынан мәлім еткендей, Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне тексеріс жүргізілген.

«Тексеру нәтижесімен сыбайлас жемқорлық схемалары, салық өндіруде әрекетсіздік

таныту, бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу деректері анықталды. Атап

айтқанда, осы ведомствоның қызметкерлері ақшалай қаражат түрінде сыйақы үшін

банктік шоттардағы бұғаттауларды алып тастаған. Мәселен, бас маманының жеке банктік есепшотына борышкерлерден жүйелі түрде жалпы сомасы 2,7 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат түсіп отырған. Аталған деректерге қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Қолданылған шаралармен мемлекет пайдасына 80 млн теңге өндіріліп, 70 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 15 лауазымды тұлға тәртіптік, 1-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бөлім басшысы лауазымынан босатылды», -деп хабарлады Атырау қалалық прокуратурасынан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау перзентханаларында қызметтер бағасы негізсіз

өсірілгенін жазған едік.