Олардың ішінде ең танымал спортшы 21 жастағы Денис Никиша, ол шорт-тректе Қазақстан намысын қорғайды. Денис - Сочидегі қысқы Олимпиада қатысушысы, 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медаль иегері, сондай-ақ Кореядағы әлем кубогы 4-ші кезеңінің күміс жүлдегері. Қостанай облысында туған спортшы 2015 жылдан бастап Атыраудың атынан шығып жүр.
Шорт-тректе жерлесіміз 19 жастағы Ольга Тихонова медаль үшін бақ сынасатын болады. Жастығына қарамастан бойжеткен жастар арасындағы әлем чемпионатының, әлем кубогының қатысушысы, халықаралық жарыстардың жүлдегері атанды.
Ионг А Ким Атырау атынан Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Ол - шорт-трек бойынша елдің қазіргі чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері.