Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Атырау Су арнасы» КМК басшысы А. Ташлыковты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабы 3-бөлімі 2-тармақшасы («бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салу немесе иелену») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған.
Тергеу мүддесіне сәйкес, толық ақпарат әзірге хабарланбады. Баспасөз қызметі кейінірек қосымша ақпарат ұсынуға уәде етті.