Атырау таеквондошылары ТМД кубогі халықаралық турнирінен 9 алтын медаль алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау таеквондошылары ТМД кубогі халықаралық турнирінен 9 алтын, 5 күміс, 2 медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған турнир Қырғызстан Республикасының Шолпан Ата қаласында өткен.

«Қазақстан құрамасы сапында Атырау облысынан 16 таеквондошы «Қырғызстан інжу-маржаны» ойындары аясында GTF таеквондодан «ТМД Кубогы» халықаралық турниріне қатысты. Турнирде 400-ден астам спортшы бақ сынап, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Ресей мен Қырғызстан командалары екінші және үшінші орынды бөлісті. Атырау облысынан сынға түскен таеквондошылар 9 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Мәселен, массоги бөлімінде Амир Умаев (26 келі) , Мейіржан Әділхан (45 келі), 55 келіде Айбек Демегенов (55 келі), Дильназ Дүйсенбаева (55 келі), Дана Ерланқызы (65 келі) алтын медальды иеленген.

Ал, Мансур Жұмабай (30 келі), Дәулетхан Ерланұлы (45 келі), Аспанбек Бақтыбек (52 келі), Матвей Толстов (64 келі) күміс жүлде ие болған.

Турнирдің қол медалін Мансур Жұмабай (30 келі) мен Бекзат Көшбай (55 келі) қанағат тұтқан.

Аталған турнирдің хъёнги бөлімінде сынға түскен Мансур Жұмабай, Айбек Демегенов, Аспанбек Бақтыбек, Дильназ Дүйсенбаева алтын медельді жеңіп алып, Әнұранды шырқатты. Осы сында Дәулетхан Ерланұлы күміс жүлдені иеленіп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраулық спортшы самбодан Азия чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.