Атырау тұрғындары ауадағы мұнай өнімінің өткір иісіне шағымданды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тұрғындары атмосфералық ауа жағдайын өздігінен бақылау үшін бірлесіп газ талдаушы құрылғы сатып алуға бекінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мұнай өнімдерінің иісі үш апта бойы сезілгеніне қарамастан,  облыстық экология мамандары қала тұрғындарының жазбаша арызынан кейін ғана өздерінің кәсіби міндеттерін атқаруға кірісті. Нәтижесінде зиянды заттардың жоқтығы анықталды. Сол себепті біз қазір әлеуметтік желілерде газ талдаушы құрылғы сатып алу мәселесін көтеріп отырмыз», - дейді «Байтақ болашақ» экологиялық алянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Арман Хайруллин.

Бұл ұсынысты ондаған қала тұрғындары қолдап отыр.