«Неоэтностильде бұйымдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптарын танымал қазақстандық шебер Ырза Тұрсынзада өткізеді. Олар «Ұлы дала мұрасы» бірінші халықаралық форумы аясында өтеді. Қолөнер бойынша оқыту семинарлары 14-16 наурызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтеді. Шеберлік сыныптарына қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Ол үшін қолөнерші Ырза Тұрсынзаданың Instagram парақшасында тегін шеберлік сыныпқа жазылу керек», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
08:50, 14 Наурыз 2018
Атырау тұрғындары қазақтың қолөнерін үйренеді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тұрғындарын үш күннің ішінде қолөнерге тегін үйретеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.