Атырау тұрғындары төртінші қабаттан секірмек болған қызды райынан қайтарды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төртінші қабаттағы терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«102 операторыныңпультіне ер адам хабарласып, бойжеткеннің терезеден секіруге әрекеттенгенінайтып жеткізген. Қала көшелерінде жүрген полиция департаментінің барлық жекеқұрамдары сол жерге аттандырылды. Махамбет көшесінде орналасқан үйгеалғашқылардың бірі болып сержант Нұрланбек Төлегенов келген. 4-ші қабаттағыпәтер терезесінің алдында тұрған қызды көріп, көршілеріне барған», - депхабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

«Мен терезеалдындағы тақтайшаның тайғанақ екенін білгендіктен, аяқ киімімді шешіптастадым. Карнизге жалаң аяқ тұрып, қыз отырған терезеге қолымды жеткізугетырыстым. Көмек көрсету үшін тағы екі ер адам келді», - деп еске аладыНұрланбек.

Қала тұрғыныЕсенбай Қайыровтың айтуынша, оқиға болған күні ол көлігін жөндетуге апара жатқан.Бойжеткеннің терезеге шығып, секірмек болғанын көрген. Дереу сонда қарай жүгірген.

Қаланың тағы біртұрғыны Микаил Катаров дәл осы үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істейді.

«Адамдардың шулапжатқанын көріп сыртқа шықтым. Жай қарап тұрудың мәні жоқ еді, көмектесу керекдеп ойладым. Сөйтіп екінші қабаттың балконына шықтым», - дейді Микаил.

Қызды құтқарукезінде адамдар қолдағы құралдарды пайдаланға. Яғни күрек пен таяқты арқылы бойжеткендіитеріп, пәтерге қайта кіргізген.

Полициядепартаменті басшысының тапсырмасынасәйкес, Есенбай Қайыров пен Микаил Катаровқа қаланың патрульдік полициясыныңжеке құрамының алдында алғыс хат табысталды. Атырау қаласы Полиция басқармасыбасшысының орынбасары Ерлан Биғамбаев алғыс айтып, олардың әрекетін барлықазаматтар мен полиция қызметкерлері үшін үлгі ретінде атап өтті», - деп мәліметті өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Авторы А. Соколов