«Отбасы банк» Атырау облыстық филиалының басшысы Нұрбол Құрманның айтуынша, 33 741 адамның зейнетақы қорындағы жинағынан алған қаржысы 195 млрд-қа жуық теңгені құраған.
«Оның ішінде 2 736 адам «Отбасы банк» арқылы арқылы алған ипотекалық қарызын жабу үшін 9 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. Ал, 1 242 адам аталған банктен зейнетақы жинағын пайдаланып, жаңадан ипотека ресімдеді. Сондай-ақ, 18 315 атыраулық 155 млрд теңгеге жеке үй мен пәтер сатып алды. Ем-дом үшін 11 млрд-қа жуық теңге жаратылды», -дейді Нұрбол Құрман.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 26 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанын әйелдер басқаратынын хабарлаған болатынбыз.