«Қайғылы оқиға супермаркеттер желісіне тиесілі ірі сауда компаниясы қоймаларының бірінде болған. Қоймадағы ер адам тоңазытқыш қондырғысының аммиак буынан уланып қалған. Ол жерде құбыр желісі жарылған», - деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары басталды, бірқатар сараптама тағайындалды.