Бұған дейін өз алаңындағы ширек финалдық ойында барлық қарсыластарын қоғадай жапырған Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасы бұл жолы жанкүйердің сенімін ақтай алмады. Жартылай финалда атыраулықтарға 2-3 (20-25, 25-16, 24-26, 25-21, 15-17) есебімен есе жіберген олар ақтық сында да дәл осындай есеппен Оралдың «Конденсат» командасына (21-25, 35-33, 28-26, 15-25, 9-15) ұтылды. Ал жартылай финалда оралдықтарды (3-1) тізе бүктірген Қызылжардың "Есілін" ақтық сында "атыраулықтар" 2-3 есебімен қапы қалдырды. Соның нәтижесінде Қазақстан кубогында 1-3 орынды "Атырау", "Есіл" және "Конденсат" командалары өзара бөлісті.
14:28, 01 Қараша 2010
«Атырау» волейбол клубы ерлер арасында Қазақстан кубогының иегері атанды
АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы "Темір дос" спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ақтық ойындары өз мәресіне жетті.