«Сапардың негізгі мақсаты - тұтыну нарығындағы сұранысты зерттеу, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету. Көршілес екі аймақ үшін бұл өте маңызды. Атырау дүкендерінің сөресінде оралдық өнімдердің көптеген түрін кездестіруге болады, олар облыс тұрғындары арасында сұранысқа ие.
Екі көршілес аймақ бірігіп жұмыс істеуге мүдделі және машина жасау, кеме жасау, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін өндіру секілді кез келген сала үшін көмек көрсетуге дайын», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Екі облыс өкілдерінің кездесу шарасына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және БҚО әкімі Алтай Көлгінов қатысты.