Атырау және Қызылорда облыстарында көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 26 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 %.

26-28 қаңтарда Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.