Атырау жастарына 200 млн.-нан астам теңге бөлінді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға бюджеттен 203 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бюджеттен бөлінген ақшаға 23 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ең қызықтылары: Көңілділер мен тапқырлар Жастар лигасын құру, сондай-ақ «Не? Қайда? Қашан?» және «Брейн-ринг» ойындарын ұйымдастыру. Онымен қоса, өз кәсібін бастағысы келетін, соның ішінде ауылдағы жастар  үшін бизнес-тәжірибе өткізу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар жобалар арасында -студенттер мен жұмыссыз жүрген 2 мың жасты «Жасыл ел» қатарына алу бар», - деп мәлім етті жастар саясаты басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев.