Атырау ЖЭО-да энергия беру қалпына келтірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың  сол жағалауына жарық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 2019 жылдың 1 желтоқсанында сағат 11.20-да Атырау жылу электр орталығы турбиналарының бірі істен шығып, энергия жүйесі жүктемесінің жүйелі шектелуіне себеп болды. Соның салдарынан Атырау қаласы энергия тұтынушыларының бір бөлігіне жарық беру тоқтатылды. Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде құрылғы жұмыс істеп тұр. Турбина жұмысының режімі қалпына келтірілді. Атырау қаласы тұрғындарын жылумен қамтуда іркіліске жол берілген жоқ. Электрмен жабдықтаудағы іркіліс толықтай қалпына келтірілді», - деді «Атырау жылу электр орталығы» АҚ президенті Айвар Рахман.