Атырау ЖЭО-ның қуаттылығы 85 мегаваттқа артатын болады

None
АТЫРАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау жылу-электр орталығының қуаттылығы 85 мегаваттқа артып, 365 мегаваттқа жететін болады.

2010 жылы ЖЭО-да әрқайсысының қуаттылығы 25 мегаватт болатын жаңадан 3 құбыр іске қосылған, солайша жылу-электр орталығының қуаттылығы 290 мегаватты құраған еді. Алайда «Атырау ЖЭО» АҚ-ның президенті Мұхамбетқали Қалиевтің хабарлауынша, біртіндеп жылу-электр орталығының қуаттылығы артатын болады. Осы жылдың өзінде-ақ энергетиктер сағатына 220 тонна бу шығаратын жаңа қазандықты жасауды көздеп отыр. 2012 жылы біріншісінің қуаттылығы 25 мегаватт, екіншісінің қуаттылығы 60 мегаватт болатын екі қосымша құбырды орнату қолға алынады.

«Бүгінгі таңда облыстағы қуат көзі жеткілікті. Алдағы уақытта да айтарлықтай мәселе туындамайды. Алайда облыс бойынша өнеркәсіптік өндірістер, шағын және орта кәсіп қарқынды дамып, жаңа үйлер, әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандар бой көтеруде. Олардың барлығы қосымша қуатты қажет ететін болады», - деді М.Қалиев.