Атырауда 1,5 мың тонна дизель мен 400 тонна мазутты заңсыз сатқан тұрғын сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 1,5 мың тонна дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме ажсап.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құжаты жоқ 1,5 мың тонна қысқы дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолын кесті.

Жылыой аудандық сотының үкімімен Атырау қаласының тұрғыны ҚР ҚК 197-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


фото: elet.media/ru