Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, Атырауда коронавирус инфекциясына қарсы зерттеу жүргізілетін 14 ПТР-зертхана жұмыс
істейді.
«Қазір облыстағы ПТР-зертханаларда тәулігіне 14 мыңнан астам зерттеу жүргізіледі.
Елімізде коронавирус инфекциясы тіркелгеннен былтырғы наурыздан бері өңірде жүргізілген ПТР-тест саны 1 млн 292 мыңды құрады. Атырау облысы елімізде өткізілген тест саны бойынша алдыңғы орында тұр», - деді Асхан Байдуәлиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында үш күнде коронавирус жұқтырғандар
46 пайызға өскені хабарланған болатын.