Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 16 мамырда сағат 18:00 шамасында Мақат ауданының орталығында болған. «Болашақ» шағынауданындағы 3 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтер терезесінен 1 жастағы бала құлап кеткен.
Терезеден құлаған балақай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазір оның жағдайы ауыр.
«Оқыс оқиғаға баланы қараусыз қалдыру себеп болып отыр. Облыста жыл басынан бері осындай 2 оқиға тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.