Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 қыркүйек күні Атырау қаласында болған.
«Береке» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан 2020 жылы туған 2 баланың (егіз) терезеден құлау дерегі тіркелді. Бұл кезде екі баланың анасы жұмыста болған, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, баланың біреуі ауруханда қайтыс болды. Ал, екіншісі ауруханада жатыр.