Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасымен Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің базасында жаңа партиялық жобалар аясында ІТ орталық ашылды.
Ашылған сәттен бастап орталық 86 IT-маманын даярлап шығарды. Оқыту үш кезеңмен жүргізіліп, «Сандық сауаттылық» (MS Word, MS Excel, MS PowerPoint, Интернет-ресурстармен жұмыс істеу), «Деректер базасын дамыту» (MS Access), «Графика және дизайн» (Auto Cad, Adobe Photoshop) «Интернеттегі сайттарды бағдарламалау» (HTML, PHP, CSS, CMS), «Дизайн және компьютерлік графика» (Corel Draw, Adobe Photoshop, AutoCAD, Macromedia Flash, 3d Max), «Қазіргі заманғы программалау технологиялары» (C / C , Python , Java) бағыттары қамтылды.
IT орталық жетекшісі Жанна Ғаббасованың айтуынша, 30 мамырда алғашқы кезекте оқыған Құрманғазы, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарының мұғалімдеріне арнайы сертификаттар табыс етілді. Алдағы оқу жылында олар алған білімдерін пайдаға асырып, жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқушыларды сапалы дайындығына үлес қосады.
Мұғалімдерді «Дизайн және графика» (Corel Draw, Adobe Photoshop, AutoCAD), «Анимация және 3D модельдеу» (Macromedia Flash, 3d Max), «Веб-сайтты бағдарламалау» (HTML, PHP, CSS, CMS) бағдарламалау (Pascal, C / C ), сондай-ақ заманауи программалау технологиясының негіздері (Python, Java) бағыттары бойынша жүргізілді.
«Оқу үрдісіне бағдарламалық дағдыларды жеделте меңгеруді енгізу, білім беру сапасын жақсартуға, және ақпараттық технологиялар саласы мамандығын насихаттауға ықпалын тигізеді деп сенеміз», - деді Жанна Ғаббасова.
Айта кету керек, екінші және үшінші кезекте ІТ орталық 51 маманды даярлап шығарды. Олардың арасында Атырау қаласындағы мұғалімдерді қайта даярлау орталығының мамандары және қала мектептері мен лицейлердің информатика, физика, химия, тарих және география пәндерінің мұғалімдері, 8-10 сынып оқушылары, студенттер мен кәсіпорын қызметкерлері, және көршілес Батыс Қазақстан облысының тұрғындары бар.