«Қазіргі таңда 1200 орынға арналған мектеп құрылысы Береке кентінде және 900 орынға арналған мектеп құрылысы Нұрсая ықшамауданында салынып жатыр. Самал ықшамауданындағы 600 орындық мектептің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтеді. Қазір тағы 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Олар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынатын болады», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Калауи брифинг барысында.
Сондай-ақ, спикер М. Қалауи хабарлағандай, әкімдік уақытша ақысыз пайдалануға және барлық инженерлік коммуникацияларды жүргізуге жаңа мектептер салу үшін жер учаскелерін береді.