Оның айтуынша, «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының арнайы қызметкерлері
көшелер мен жолдарға, автобус аялдамаларына, қоқыс контейнерлері орнатылған
алаңдарға дезинфеуциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Дезинфециялау жұмысына әскери жиынға шақырылғандар да тартылды. Олар сондай-
ақ, қоғамдық тәртіпті қадағалауға, блок-посттардағы кезекшілікті атқаруға қатысуда.
Сонымен бірге, карантин талабының сақталуына ерікті түрде көмек беріп жүрген
волонтерлер да бар. Олардың бәрі арнайы қорғаныш киімімен, жеке гигиеналық заттармен қамтылды» -деді Ринат Жаңғылышов.
Қазір дезинфекциялау жұмысына 86 гидропульт, 6 ауа генераторы мен 6 тұмандату генераторы пайдаланылуда. Бұған дезинфекция жүргізетін 3 мекемеден 107 қызметкер де тартылған.