Атырауда 120 орындық тағы бір инфекциялық стационар ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда корнавирус инфекциясын жұқтырған науқастар үшін тағы да 120 орындық инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар саны өскен.

Осыған байланысты Атыраудағы теміржол ауруханасында 120 орындық инфекциялық стационар іске қосылды.

Қазір темір жол ауруханасында ашылған инфекциялық стационарға коронавирус жұқтырған 48 науқас жатқызылған.

«Бұған қоса, Махамбет ауданындағы фтизиопульманология орталығында - 150, сондай-ақ, Атырауда жатақханалардың бірінде - 200 орындық инфекциялық стационар дайындалды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың үш ауданындағы инфекциялық стационар науқастарға толған болатын.