Атырауда 126 үй қыста жылусыз қалуы мүмкін
18:19, 03 Қазан 2013
АТЫРАУ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда 126 үй қыста жылусыз қалуы мүмкін.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде хабарланғандай, бұл үйлердің тұрғындары жеке пәтерлер кооперативінің біріне де енбейді. Бұлар - қысқы суыққа дайындықты жүргізумен ешкім айналыспайтын қараусыз қалған үйлер.