Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабыловтың мәлім етуінше, карантин режимін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі бекітілген. Жеке тұлғаларға 30, ал, бизнес субьектілеріне 230-дан 1600-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
«Соңғы бірнеше тәулікте Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тағу режимін бұзғаны үшін жазаланды», -деді Садуақас Байғабылов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін созылған еді.