Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев осындай деректерді баяндады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Мұнайлы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Соның өзінде әлі де 17 694 адам баспана кезегінде тұр.
«Өткен жылы 18 үй - 1215 пәтер берілді. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында тапсырылған 11 тұрғын үй де бар», - деді С.Қазиев өз сөзінде.