Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға 27 мамырда сағат 17:00 шамасында болған.
«2002 жылы туған бойжеткен «Алмагүл» шағынауданындағы №18 үйдің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол оқиға орнында мерт болды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен тергу амалдары басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әйел 9-қабаттан құлап, көз жұмған еді.