Атырауда 2 жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап кетті

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кішкентай бала алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқыс оқиға Привокзальный шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйде болды. Алтыншы қабаттағы пәтерде үлкендердің қарауынсыз қалған екі жасар бала терезеден құлап кеткен. Көп жарақат алған бала облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Атырауда осындай жағдай осымен үшінші рет болып отыр. Бір бала қаза тапқан.
Автор: А. Соколов


Соңғы жаңалықтар