Атырауда 20 балабақша салынады
13:50, 26 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда мемлекеттік-жеке серіктестік аясында мектепке дейінгі 20 мекеме салынады, деп хабарлайды mgorod.kz.
Атырау әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, қалалық білім бөлімінде 12 327 бала балабақшаға кезекте тұр. Жақын арада мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі шешіледі.
«Әзірге біз жалпы саны 5 мың балаға арналған 20 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Аталған нысандар мемлекеттік-жеке серіктестік аясында тұрғызылады. Бұл мақсатта демеушілерді тартып жатырмыз», - деді қала басшысы.
2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған және қайта өңдеу жүргізілген үш нысан қолданысқа беріледі: оның бірі Өркен шағын ауданында орналасқан 250 орындық жаңа аурухана, Балықшы шағына уданындағы 160 орындық балабақша және Ақсай ауылындағы отбасы-дәрігерлік амбулатория.