«Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жағажайда болған. Жағажайда барлық ескерту белгілері орнатылған, айналасы қоршалған. Соған қарамастан жас жігіт ағысы қатты суға секірген. 25 минуттан кейін оның мәйіті табылған», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Атырау облысында жыл басынан бері 13 адам суға батып кеткен, оның көпшілігі - балалар. Рұқсат етілмеген орындарда шомылудың арты осылай жазатайым оқиғаға ұласып жатады.