Атырауда 24 жастағы құрылысшы мерт болды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы құрылыс нысанында 24 жастағы жамбылдық қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттікеңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға «Zaman» тұрғын үйкешені құрылысында болған.

«BIGROUP» компаниясының «ТамДан құрылыс Астана» мердігер ұйымында істейтін жігіттіңбасына биіктен темір құбыр құлап түскен. Басынан ауыр жарақат алған жұмысшыоблыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер жас жігітті құтқарып қалаалмады.

«Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылады. Ол жұмысшының қаза табу себебін тексереді», - деді Мемлекеттікеңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.



Авторы А.Соколов

Соңғы жаңалықтар