Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданында тұратын Юлиана Александрова 30 қаңтарда жоғалып кеткен.
Қасында 3 жасар қызы Айзере Ақжігітова болған.
«Олар 30 қаңтарда Атырау қаласындағы «Өркен-1» шағын ауданын шығып, «Вокзал маңы» шағынауданына кеткен. Содан бері тұрғылықты мекенжайына оралмаған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан Атырау облысында 60 жастағы ер адам жоғалып кеткенін хабарлаған едік.