«Өңірде жас отбасыларға көмек көрсетудің бағдарламалары белсенді іске асырылуда. «Жас Отау» жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана бағдарламасының аясында 2015 жылы жас отбасыларға 90 пәтер берілді. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 1 230 пәтерлік үй салынуда. Ол осы айдың аяғында пайдалануға тапсырылады.
Жас отбасыларға 100 пәтерлік тағы бір үй салынып жатыр. Сондай-ақ осы жылы 30 жас отбасы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша пәтер алады деп отырмыз. Осылайша, биыл 250 отбасы пәтер алып, тұрғын үй жағдайын көтере алады», - деп хабарлады Атырау облысы жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма басшысы Жасұлан Бисембаев.