Атырауда 27 жастағы ер адам суға ағып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 27 жастағы ер адам Орал өзеніне ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазатайым оқиға қала шетіндегі Дамба кентінде болған. Оқиға куәгерінің сөзіне қарағанда, ішімдік ішіп алған ер адам Орал өзеніне шомылған. Оның денесін судан ТЖД қызметкерлері алып шықты. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деді ТЖҚ баспасөз қызметі.