Атырауда 2800 адам жұмыссыз

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жастар жылына орай биыл төртінші рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласыәкімдігінің баспасөз қызметіненмәлім еткендей, «Нұр Отан» партиясының қалалықфилиалында жыл басынан бергітөртінші жәрмеңке өтті. 228 вакансияны12 компания мен жеке ұйымдар ұсынды.Шараға жұмыссыз жүрген 350-ге жуық адам қатысты.

«Жыл басынан бері төрт жәрмеңке өткіздік.Алғашқы үшеуіндеқалалық жұмыспен қамту орталығы 1мыңнан астамжұмыс орнын ұсынып, 186 азамат тұрақты жұмыс тапты»,- дейді Атырау қалалықЖұмыспен қамту орталығының маманы АйданаҒалиахметова.

Айта кетейік, жәрмеңкеге келгендердің арасында бұрынсотталған, өзмерзімін өтеген және пробациялық бақылауда жүрген азаматтар болды.

«Жәрмеңкеге қатысушы барлық тұрғындар белгілі бір тәртіппен түйіндемелерінтапсырды. Одан кейін әңгімелесуге шақырылып, оның қорытындысы бойынша жұмысқаорналасады», - дейді Айдана Ғалиахметова.

БүгіндеАтырау қаласының жұмыспен қамту орталығында 2800 жұмыссыз азамат есепте тұр.Олардың барлығы электрондықеңбек биржасында тіркелген.Онда жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын тұрақты түрде ұсынып отырады. Соныменқатар, жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз азаматтар қайта оқыту курстарынанөтіп, қосымша мамандық ала алады.

Соңғы жаңалықтар