Атырауда 3 ауруханаға 6 өкпені жасанды желдету аппараты берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 3 ауруханаға 6 өкпені жасанды желдету аппараты берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шетелдік «Эни» компаниясы өкпені жасанды желдетцге арналған VG70 модельді 6 аппаратын сыйға тартқан.

«Жаңа аппараттар облыстық балалар ауруханасына, Атырау қалалық перзентханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне берілді. Қазір өңірде 4 МРТ, 13 компьютерлік

томография, 273 өкпені жасанды желдету, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1514 пульсоксиметр бар. Сондай-ақ, ауруханаларда 8 оттегі стансасы іске қосылды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда аудандық ауруханаға компьютерлік томография берілгенін жазған едік.