Атырауда 30 кг марихуананы өртеді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ҰҚК департаментінің ауласындағы пеште 30 келі марихуананы өртеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2 қазанда Құрманғазы-Тайманов көшелерінің қиылысында аса ірі көлемдегі есірткі затының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұсталды.   Олар «Нисан Мурано» көлігімен 30 килограмм есірткі затын тасымалдаған.  Ұсталған тұлғалардан «Заң және әділеттілік» Қазақстандық БАҚ альянсы» ЖШС басшысы Тоқберген Әбиев куәландырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» қызметкерлерінің қызметтік төлқұжаттары тәркіленді.  

Тергеу нұсқасы бойынша құжаттарды ұсталғандар есірткі заттарын тасымалдау бойынша қылмыстық істерін жасыру үшін пайдаланған.

Аталған  факт бойынша Астана қаласының тұрғыны  Д. Әбілқасым пен Семей қаласының тұрғыны А. Омаровқа қатысты ҚР ҚК 297-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады Атырау облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінде. 

Соңғы жаңалықтар