«Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының директоры Абдолла Идресовтің айтуынша, «Аshyq» бағдарламасына кәсіпкерлерді тіркеу 26 сәуірде басталған.
Содан бері арнайы QR-кодты алуға 660 өтінім түскен. Оның ішінде 620 нысан QR-код алған.
«QR-кодты алғандар арасында Атырау қаласынан 427, Жылыой ауданынан 65, Индерден – 39, Құрманғазыдан – 23, Исатайдан – 18, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарының әрқайсысында 16 нысан бар. Ал, 453 нысан тесттік режимнен өтті» -дейді Абдолла Идресов.
Оның айтуынша, нысандардың «Ashyq» жобасынан екі аптаға шеттетілуіне 3 және одан да көп күн ішінде келушілердің тіркелмеуі себеп болған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бірнеше нысанның жұмысы тоқтайтынын хабарлаған едік.