«39 жастағы Людмила Чернышева түнде үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмейді. Людмиланың жұмысқа шықпағандығын естіп, туыстары полицияға хабар берген», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетер жайт, жоғалған әйелдің сөмкесі Орал өзенінің жағасынан табылған. Іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.