Бейсенбі, 10 мамырда марафон қатысушылары соңғы ұжымдық жаттығуларын өткізді. 70 адамнан тұратын топ «Atyrau Marathone - 2018» спорттық шарасына 20-шы наурыздан бастап дайындалуда. Аптасына 3 рет жүгірушілер басшыларының нұсқауымен әртүрлі қашықтықта қала көшелерін жүгіріп өткен. Жарысқа 3 күн қалғанда жүгірушілер соңғы жаттығуларын аяқтады, енді олар жеңіске псиxологиялық тұрғыда дайындалады.
«Atyrau Marathone - 2018» қатысушыларының жаттықтырушысы Алтай Құспановтың айтуынша, марафонға қатысушылар жарысқа дейін арнайы жаттығудан өтулері қажет.
«Қатысушы өзі жүгіретін қашықтықты таңдап, өзін жарысқа физикалық тұрғыдан дайындау керек, сонымен қатар, қажетті құралдарды таңдайды. Өзімен бірге су ала келіп, 42 шақырымға жүгіретін болса жүрек жалғайтын асты да ала шыққаны жөн, себебі жүгіру 3 сағатқа созылады»,- дейді Алтай Құспанов.
Айта кетейік, 13 мамырда 10.000 метр қашықтықта жүгіру Абылайxан даңғылынан басталады. Қатысушылар сағат 8.00-де жиналады, жүгіру сағат 9.15-те басталады. Ыңғайлы болу үшін жарысқа қатысушыларды Маxамбет алаңынан 8.00-ден бастап автобустар тасымалдайды.
Мұз сарайының алдындағы алаңда 42,195 метр қашықтыққа жүгіру басталады. Қатысушылар сағат 6.00-де жиналып, жарыс 7.00-де басталады. Ыңғайлы болу үшін қатысушылар автобустармен сағат 6.00-ден бастап Махамбет алаңынан жеткізіледі.
4500 метр қашықтықта жүгіруді Махамбет алаңына қарама-қарсы Сәтпаев көшесінен бастау жоспарлануда. Қатысушылар 7.30-да жиналып, бәсеке сағат 9.00-де басталады.
Айта кеткен жөн, 10 мамырдағы ақпарат бойынша онлайн және офлайн тіркеуден 3000-ға жуық қатысушы өткен.