Бұл туралы бүгін өңірлік жедел штаб ақпарат таратты.
«Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 және 6 шілде аралығында Атырау қаласында және облысында жеке көлікпен жүруге қатаң тыйым салынады. Көлік қозғалысына әр сенбі, жексенбі күндері қойылатын шектеу шаралары 2020 жылдың 19 шілдесіне дейін жалғасады» -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 5 шілдеден бастап автобус жүрмейтінін хабарлаған болатынбыз.