Атырауда 5 күн ыстық су болмайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының бірқатар аудандарында ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1-5 шілде аралығында жылу желілерінің күрделі жөндеу жұмысына байланысты ыстық су өшіріледі. «Нұрсая», «Авангард», «Алмагүл» ықшамаудандары мен Сәтпаев даңғылындағы және Нәрембаев көшесіндегі үйлерде 5 күн ыстық су болмайды», - деп мәлім етті «Атырау жылу желілері» АҚ баспасөз қызметі.

«Нұрсая», «Авангард» және «Алмагүл» - облыс орталығындағы ең ірі ықшамаудандар. Сәтпаев даңғылын қоса алғанда, қаладағы үйлердің жартысына ыстық су беру тоқтатылады.

Автор: А. Соколов