Атырауда 6 интернет-казино жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласының прокуратурасы букмекерлік кеңсе не интернет-дәмхана түрі бойынша қызметті жүзеге асыратын 6 көлеңкелі интернет-ойынхананың заңсыз жұмыс істеп жатқандығын анықтады.

«Қазақстан Республикасының барлық аумағына пайдаланушылардың еркін қолжетімділігі бар интернет-ресурстарда ( www.vabank-play.com сайты) «Va-Bank casino» интернет-ойынханасы орналастырылған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, интернет-ойынхана орналастырылған осындай 5 сайт (www.netbet.com, www.va-bank.kz, www.vulkandelux.com, www.online-vulkan.com, www.Casino-x.com) табылды.

Анықталған бұзушылықтардың жолын кесу үшін Атырау қаласының прокуратурасы Атырау қалалық сотына шетелдік БАҚ-қа орналастырылған интернет-ойынхананың 6 сайтын заңсыз деп танып, олардың қызметін тоқтату туралы талапарыз енгізілді.

Атырау қалалық сотының 2015 жылғы 18 және 28 желтоқсаны аралығында көрсетілген сайттардың ҚР барлық аумағындағы қызметі тоқтатылды.