Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, бүгін, 14 сәуірде түстен кейін 7 адам қауіпті індеттен жазылып, инфекциялық стационардан шыққан. Денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, олардың бәрі өздерін жақсы сезінеді. Осылайша, Атырауда Covid-19 індетінен айыққандардың саны 12-ге жетті.
Қазір Атыраудағы инфекциялық стационарда 51 науқас жатыр. Бұған дейін 12 сәуірде 2 адам, ал, кеше, 13 сәуірде 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан еді.