Атырауда 7 мыңнан астам ерекше балаға қолдау көрсетілді
Білім күні қарсаңында «Айналайын» қайырымдылық марафоны өтті.
Іс-шараға Атырау қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің инклюзивті сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
«Ерекше балаларды оқыту үшін инклюзивті білім беруге баса көңіл бөлініп отыр. Қазір облыста арнайы кеңес беру, түзету кабинеттері жұмыс істейді. Мектеп-интернаттар жанынан оңалту орталықтары іске қосылды. Ал, мектептерде жаңа форматта инклюзивті сыныптар ашылуда. Енді ерекше балаларға психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру үшін Атырау қаласында арнайы орталық салу жоспарлануда» - дейді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің айтуынша, өңірде 7 мыңнан астам ерекше бала бар. Оның 3 мыңнан астамы Атырау қаласында тұрады.
Олардың бәріне бір мезетте сауда орталықтарынан мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алу үшін сертификат табыс етілді.